Алматыда жол апаты салдарынан көлік қақ айырылып, жүргізуші қаза тапты
zakon.kz
Көліктің ішіндегі жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Алматыда адам өліміне алып келген жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Toyota Crown Majesta көлігі Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатқан. Райымбек даңғылындағы бұрылыста жүргізуші көлікті басқара алмай, темір жол өткелінің тіреуіне соғылған.
Қатты соққының салдарынан көлік қақ айырылып қалды.
1991 жылғы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Көліктің ішіндегі жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Жол-көлік апатының мән-жайын жол полициясы қызметкерлері анықтауда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript