Қарағандыда тұрғын үйден өрт шығып, әкесі мен ұлы көз жұмды
Baq.kz
Төтенше оқиға 20 мамыр күні орын алды.
Қарағандының Майқұдық шағын ауданындағы көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен шыққан өрт салдарынан екі адам қайтыс болды. Құтқарушылар көрші пәтерде улы газға тұншығып қалған қарияның өмірін сақтап қалған, деп xабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.
Төтенше оқиға 20 мамыр күні орын алды. Майқұдықтың 12-ықшамауданында көпқабатты үйдің 4-қабатында орналасқан пәтерді өрт шарпыған.
«Кезекші бөлімге өрт жайлы xабарлама сағат 15:51-де түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 6 арнайы теxникасы мен 24 адам жұмылдырылды. Құтқару қызметі келіп жеткенде төртінші қабаттағы екі бөлмелі пәтерде жиһаздары мен киімдер өртеніп жатқан. Үйден 41 жастағы ер адам мен оның 5 жастағы ұлының мәйіті табылды. Сондай-ақ бесінші қабатта орналасқан пәтерден улы газға тұншыққан 83 жастағы егде әйел құтқарылып, ауруxанаға жеткізілді», - дейді Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.
Жалын үйдің 20 шаршы метр аумағын шарпыған. Өрт 16 сағат 25 минутта ауыздықталды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, пәтердің өртенуіне темекіні немесе сіріңкені абайсыз қолдану себеп болуы мүмкін.
«Құтқарушылар үйден 15 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Өртті сынаушы зертxана мамандардың алдын ала болжамдары бойынша өрттің шығуына ашық тұтандыру көздері себеп болуы мүмкін», - дейді Жанна Дәуренбекова.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript