Қазақстан мен Қытай Қорғас өзенінде бірлескен сел ұстайтын бөгет салады
Парламент Сенатының жалпы отырысында «ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде «Шүкірбұлақ (Алмалы)» бірлескен сел ұстайтын бөгетін салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысында айтылғандай, Келісімге 2017 жылдың 8 маусымында Астана қаласында қол қойылып, Қорғас өзенінде бірлескен сел ұстайтын бөгет салынбақ.
"Сел ұстайтын бөгет екі мемлекеттің ортақ меншігі. Құрылысты екі тарап жобаның жалпы құнынан 50%-дан теңдей қаржыландырады. Осы Келiсiмдi iске асыру жөнiндегi уәкiлеттi органдар Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар комитетi; қытайлық тараптан - Қытай Халық Республикасының Синьцзян өнеркәсіптік-құрылыс корпусы", - делінген қорытындыда.
Сел ұстайтын бөгет құрылысын үйлестіру мақсатында, сел тасқыны бөгетін салуға арналған Қазақстан-Қытай комитеті құрылды, оған уәкілетті органдардың өкілдері және мүдделі мемлекеттік органдар, сондай-ақ әр тараптан мемлекеттік ұйымдар кіреді.
«Сел жүретін бөгет құрылысының белгіленген аумағында тараптардың құзыретті органдары кадрларды, көлік құралдарын, жабдықтарды, шикізат пен материалдарды салу үшін қажетті мемлекеттік шекараны жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл Келісім Қорғас өзені бассейнінің төменгі жағында екі ел халқының өмірі мен мүлкінің қауіпсіздігіне оң әсерін тигізеді», - деп атап өтті комитет.