Қостанайда күйеуі әйелін пышақтап тастап, жоғары қабаттан секіріп кетті

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2018 17:16 sputniknews.kz
Әйел адамның кабинеті сегізінші қабатта болған, полиция мен дәрігерлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қостанайда Алдамжар атындағы әлеуметтік-техникалық университетте ер адам әйелін өлтіріп, терезеден секіріп кетті.

Ер адам университет қызметкеріне келген, күдікті кабинетте әйелді пышақтап өлтіріп, сосын сегізінші қабаттағы терезеден секіріп кетті, деп хабарлайды "Алау" басылымы.

Қостанай облысы ішкі істер департаменті Sputnik агенттігіне ЖОО-да болған оқиғаны растады.

"Қазір мән-жайды айта алмаймыз. Оқиға орнында ІІД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", — деп мәлімет берді полицейлер.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: