Қызылордада жұмысқа келмеген әскери қызметкерге айыппұл салынды
ҚазАқпарат
Ол қаладағы 55/47 әскери бөлімінің атқыштар ротасының қатардағы жауынгері болған.
Қызылордада әскери қызметтен жалтарған жігіт жазаға тартылды. Әскери қызметшінің ісі қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол қаладағы 55/47 әскери бөлімінің атқыштар ротасының қатардағы жауынгері болған. Жігіт келісімшарт негізінде қызмет атқарған. Жауынгер еңбек демалысынан кейін 12 күн бойы жұмысқа келмей қойған.
"Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры Бақытжан Нұрмаханбетовтың айтуынша әскери қызметкер еңбек талаптарын қатаң бұзған. Оны іздестіру шарасы нәтижесінде әскери қызметшінің өзінің үйінде екені белгілі болды. Алайда ол өзінің бұл әрекетін түсіндіріп бере алған жоқ. Кінәсін толық мойындап, сот алдында кешірім сұрады», - деді.
Қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының үкімімен қатардағы жауынгерге 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript