Прокуротура баспана құрылысына жұмсалатын қаражатты жинаудың заңсыз әрекеттерін анықтады
Астанада баспана құрылысы үшін азаматтардан заңсыз ақша тартудың жолы кесілді. Бүгін астана әкімдігінде «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңын белден басып, пәтерлерді іске асыруға жол бермеу жөнінде құрылыс компанияларының қатысуымен жиын болып өтті, - деп хабарлайды Елорда инфо қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиында әкімдікпен бірлескен астаналық прокуратура «BI-Group» компаниясы салып жатқан («Мәңгілік», «Крокус Сити», «Дрим Сити», «Камал» және «Bi-City Seoul») бес тұрғын үй кешенінің құрылысы үшін жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз және цессия келісімшарты бойынша (құқық талап етуде жол беру) азаматтардан ақша тарту фактілері анықталды.
Құрылысы бітпеген пәтерлерді «Premier Palace» ЖШС, «Kaz Industrial group» ЖШС, «Town House» ЖШС, «Город Счастья» және «Алтын Дала Астана» ЖШС жүзеге асырған.
Астана прокуратурасының прокурорлық қадағалау актісі бойынша сот осы компанияларды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 320 бабы бойынша (тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу талаптарын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олардың әрқайсысына 300 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынды, яғни – 721 500 теңге. Бұдан бөлек, қадағалау органдарының өкілдері заң талаптарын бұзғандарға тек әкімшілік шара қолданып қана қоя салмайтынын, прокуратура мүдделі мемлекеттік органдардың тұрғын үйді заңсыз іске асырудың алдын алудың алғышарттарын түсіндіріп берді, оның ішінде жауапсыз мердігерлерге қатысты сот алды тергеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты қала прокуратурасы мердігерлер мен азаматтарға үлестік құрылыс саласында қолданыстағы заңды аттап өтпеу керектігін ескертеді.
Естеріңізге сала кетейік, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заң Қор кепілдемесінен кепілдеме алу жолымен құрылысқа үлестік қатысу тәртібін анықтайды, екінші деңгейдегі банктердің қатысуын, сондай-ақ тұрғын үйдің сыртқы бетін жасау үшін үлескерлерден ақша тартуды реттейді әрі ақша тартуды үлестік қатысу туралы келісімшарт негізіне сүйеніп жасауға ғана жол беріледі.
Айтылған шаралар Астана қаласы әкімінің тапсырмасымен қолға алынды.