Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау өңірі Астанаға «Достық» үйі ғимаратын сыйға тартпақ

egemen.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2018 16:34 egemen.kz
Астананың 20 жылдық мерейтойына әр өңір өз үлестерін қосуда.

Алуан ұлттың баласын бауырына басып, шұғылалы шаңырақтың астына топтастырған мейірбан Қазақ елі – алтын бесік болса, Есіл жағасындағы еңселі елорда – алтын қазық. Бүгінде бас қала ретінде бой түзегеніне небәрі 20 жыл толып отырған Астана қаласы бірнеше ұлт өкілдерінің үмітін үкілеп, арманын аялаған қала. Осыған орай Маңғыстау өңірі ынтымақтың ұйытқысы болған елорданың тойына Ассамблея өкілдеріне арнап «Достық» үйі ғимаратын сыйға тартпақ деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.

Астананың 20 жылдық мерейтойына әр өңір өз үлестерін қосуда. Бұл – елорданың айбыны мен абыройы елдік мерейге айналғандығының айғағы. Бұдан он жыл бұрын да қолға алынған іс дәстүрлі сипат алып, жиырма жылдықта жалғасын тапты.

Еліміздің барлық аймақ­та­рында – облыс орталық­тарында ашыл­ған «Достық» үйі күні бү­гін­ге дейін Астана қаласында жоқ болатын. Бұл олқылықтың ор­нын маңғыстаулықтар толты­рып, Бауыржан Момышұлы көшесі бойында тұрған көне Неке сарайын қайта жаңғыртып, «Достық» үйі ретінде ұсынбақ. Үш қабатты ғимарат 4900 шар­шы метр аумаққа орналасқан. Ке­лу­шілер үшін 60 көлік орны, қыз­­меткерлер үшін арнайы 13 кө­лік орны жасақталып, жан-жа­ғы абаттандырылып, көгал­дан­дырылды. Ғимараттың бірінші қабат­ын­да би залы, асхана, студия орналасса, екінші, үшінші қа­бат­тарда акт залы, кітапхана, ки­ім бөлмесі, мұражай, конфере­нц зал орналасқан.

«Достық-Қазақ­стан» мекемесінің тапсы­ры­сымен, «MediArtGroup» ЖШС жобалауымен «СК «Ала­тау­ИнжСтрой» ЖШС жүзе­ге асырған құрылыс-жөн­деу жұ­мыс­тарына 50-ге тарта адам жұ­­мылды. «Достық» үйі­нің жұ­мыс­тары қазір толық аяқ­та­лып, Ас­тана қаласының мерейтойына тап­сырылатын салтанатты сәтті кү­туде.

– Астана мерейтойы – елге ортақ мереке. Той шашусыз болмай­тыны белгілі. Еліміздің әрбір өңірінің елордаға сый жасауы – Астананың ажарын асырып, қажеттілігіне қолдау беретін жақ­сы бастама. Бұдан он жыл бұ­рын «Нұр Астана» мешітін жөн­деп, жан-жағын абаттандырып сыйға тартқан Маңғыстау об­лысы биыл «Достық» үйін салуды құп көрді. Біз­дің сыйымыз астаналықтарға ұнай­ды деп ойлаймыз, дейді Маңғыстау облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Бейсенғали Кенжалиев.

Гүлайым Шынтемірқызы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: