Түркияда президенттік сайлауда Эрдоған 97,7% дауыспен жеңіске жетті

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 15:47 Baq.kz
Сайлау қорытындысы апелляция қаралғаннан кейін, он күн ішінде жарияланатынын айтты.

Түркия сайлау кеңесінің жоғары басшысы Сади Гювен алдын ала нәтиже бойынша Реджеп Тайып Эрдоғанның жеңіске жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz Анадолу басылымына сілтеме жасап.

Ол бюллетендер есептелгеннен кейін Эрдоғанның 97,7% дауыспен жеңіске жетіп отырғанын мәлімдеді. Яғни қалған дауыс қандай жағдай болмасын сайлау нәтижесіне әсер ете алмайды.

Сондай-ақ, Гювен 24 маусым күні өткен алдын ала сайлау нәтижесі бойынша, парламентке өту кедергілерінен Әділет және даму партиясының, Ұлттық қозғалыс, Халықтық-республикалық, Жақсы және Халық демократтары партияларының өткенін мәлімдеді.

Мұнымен қатар, ол сайлау қорытындысы апелляция қаралғаннан кейін, он күн ішінде жарияланатынын айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: