Жаңалықтар тізбегі
0

Саяхатты сүйетіндер үшін ертегідегідей қонақүйлер тізімі

massaget.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 18:11 massaget.kz
Әлемнің әр жерінде орналасқан ғажайып, сәнді қонақүйлер сізге жақсы көңіл-күй сыйлау үшін бар жағдайды жасайды.

Жаз мезгілі қызықты саяхаттар мен романтикалық көңіл күйдің маусымы. Соңғы уақыттарда қонақ үйге келушілер үшін қолайлықтар жаратылғаны сонша, сіз патшадай не ханшадай саяхаттауыңыз үшін хан әулетінен болуыңыз міндетті емес. Қалтаңызды қаражатыңыз болса болды, өзіңізді ертегі әлемінде жүргендей сезінуңізге жетеді. Әлемнің әр жерінде орналасқан ғажайып, сәнді қонақүйлер сізге жақсы көңіл-күй сыйлау үшін бар жағдайды жасайды.

Төменде өміріңіздегі романтикалық саяхаттарды өткізу мүмкіндігін бертін бірнеше қонақүйлер тізімін жариялайтын боламыз.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 18:11

Ashford Castle – Ирландияда ХІІІ ғасырда салынған сарай 75 миллион долларлық қайта жөндеуден өткесін бұрынғысынан да сұлулана түсті. Бұл жерде бір күн түнеуге 488 доллар жұмсайсыз.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 18:11

Hôtel de la Cité – оңтүстік Францияның UNESCO әлем мұрасы тізіміне енген сарай орта ғасырларда пайда болған Carcassonne қала маңында орналасқан. 1909 жылы салынған қонақүйде 59 бөлме болып, бұл жерде қонуға күніне 225 доллар жұмсайды екенсіз.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 18:11

Castello di Monterone – Италияда орта ғасырда салынған ғимараттар өте көп. ХІ ғасырда салынған Castello di Monterone солардың ішіндегі ең сәндісі. Перуджиа алқабына қарап тұратын қонақүйде раушан гүлдің 20-дан артық түрі бар бақ орналасқан. Бұдан басқа қонақүй түрік моншасымен де танымал. Бұл жердегі күндік шығын 108 доллар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 18:11

Leeds Castle – 1119 жылы Англияда салынған бұл сарай тек орта ғасырда салынғанымен ғана емес көптеген хандар тұрған орын сонымен бірге Генри ІІІ пен оның жұбайы арагондық Екатирина жасаған сарай ретінде де әлемге танымал. Әсем бағы, көкорай шалғын даласымен көз тартатын сарайдың бөлмесінде бір күн қонам десеңіз 180 доллар, аулада жұлдыз санап жатам десеңіз 123 доллар төлейсіз.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 18:11

Neemrana Fort-Palace – Үндістанның 1464 жылы салынған сарайында өзіңізді хан әулетіндей сезінем десеңіз күніне 221 доллар төлейсіз.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 18:11

Castello di Pavone – Италияның тағы бір сәнді ІХ ғасырда салынған сарайы. Бүгінгі күнде қонақүйге айналған құздың басында орналасқан сарайда түнеймін десеңіз 135 доллар төлейсіз.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 18:11

Parador de Oropesa – Испанияда ХІV ғасырда салынған сарай – орта ғасырларда салынған ғимараттарда түнеу өте қымбатқа түседі деген пікірді жоққа шығарады. Бұл қонақүйдің күндік ақысы – 75 доллар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 18:11

Culzean Castle – Шотландияның батыс жағалауындағы 1792 жылы салынған сәнді сарайды тамашалау үшін 465 долларыңызды құрбандыққа шалуға тура келеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 18:11

Chateau Herálec – Чехия республикасының ХІІІ ғасырында салынған сарай-қонақүйіндегі бөлмелер 205 доллардан басталады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 18:11

Romantik Parkhotel Wasserburg Anholt – Германияның ХІІ ғасырында салынған сарайы бал айын, неке қию рәсімін өткізумен танымал қонақүй. Бұл жердегі бөлмелердің ең арзаны 191 доллар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 18:11

The Castle Hotel, A Luxury Collection Hotel – Қытайда салынған бұл қонақүй тарихы тереңде емес. 2014 жылы ғана салынған. Бірақ 135 доллар төлесеңіз сізге хан өмірінің аурасын тарту етеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 18:11

Hever Castle – Англия патшасы Генри ІІІ-тің екінші жұбайы Анна Болейн өмір сүрген ХІІІ ғасырда салынған сарай Англиядағы ең бай тарихқа ие ғимараттардың бірі. Бұл жердегі нарық – 130 доллар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 18:11

Parador de Cardona – Испанияның орта ғасырларында салынған сәнді қонақүйлерінің бірі. Ол дәуіріміздің 800-жылдарында қабырғасы қаланған болып, Барселона қаласынан 1 сағаттық жерде орналасқан бұл қонақүй 118 доллар төлесеңіз сол дәуірлердің исін сезінуіңізге көмектесетін есігін ашады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 18:11

The Castle Hotel & Spa – АҚШ-тағы бір ғасырлық тарихы бар қонақүй 2013 жылы қайта жөндеуден өтті. Tarrytown қалашығындағы Hudson өзенінің ғажайып көрінісін тамашалаймын десеңіз бір күн үшін 319 доллар төлейсіз.

Дереккөз: massaget.kz

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: