Грузияда өткен тойда қонақтар астан ұшынып, 100 адам ауруханаға түсті
Baq.kz
Дәрігерлер тағам сынамасынан сальмонелло бактериясын тапты.
Батумидегі «Кахабер» мейрамханасына тойға барғандардың кем дегенде жүзі астан ұшынып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Baq.kz.
Дәрігерлер тағам сынамасынан сальмонелло бактериясын тапты, бірақ мейрамхана мамандары науқастардың ұшынып қалу себебі тағам болуы мүмкін екенін жоққа шығаруда.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханада жатыр. Олардың бәрі үйлену тойының қонақтары болған.
Қоғамдық денсаулық сақтау ортлағының басшысы Нино Нижарадзенің айтуынша, жүзге жуық адам қатты ұшынған, оның ішінде укәмелеттік жасқа толмаған балалар да бар. Ұшынудың себебі тәтті тағамдар болуы мүмкін.
«Ұшынып қалу кремді торттың салдарынан болуы мүмкін. Оны сақтайтын ауа температурасының режимі өзгергенде ол улы зат бөлуі мүмкін», - дейді ол.
Ал мейрамхана иелерінің айтуынша, аталған мекеме мейрамханадан тағам сынамасын алған жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript