Киіктер жылына мыңдаған километр жүріп өтеді
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Геоақпараттық деректер мен сервистер орталығымен киіктердің төлдеу жерлерде және жабайы тұяқты жануарлар таралуы бар жерлерде жайылым жағдайы мен топырақ қабатының дымқылдығына мониторинг жүргізілуде. Бұл туралы Қазақпарат ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) қазақстандық ғарыштық жүйесінің спутниктері арқасында ҚР Орман және аң аулау шаруашылығы комитетінің тапсырысы бойынша 2018 жылы киіктердің төлдеу жерлерінде өсімдік жамылғысын дамыту бойынша деректер алынды.
Сонымен қатар, ҚР шөлді және жартылай шөлді зоналарында жабайы тұяқты жануарларға пайдаланылатын жайылымдар негізінде дала жұмыстары жүргізілуде.
Бұл мәліметтер қоршаған ортаның жағдайын бағалау толыққанды әдісін дамыту үшін негіз болады. Спутниктік ақпарат көмегімен қоршаған ортаның жағдайын бақылау жерүсті зерттеу барысында алынатын жеткіліксіз мәліметтерді толтыруға қабілетті екенін атап кету жөн.
Спутниктік ақпарат жерүсті мониторингпен салыстырғанда шығынды аз кетіреді, сондай-ақ барлық көшіп-қону маршрутында жоғары дәлділік пен объективтілікпен қоршаған ортаның жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.
Мәселен киіктердің (Saiga tatarica) Қазақстан аумағында екі ірі таралуы бар: Үстірт және Бетпақдала. Жануарлар жыл сайынғы көші-қон барысында жүздеген және мыңдаған километр жүріп өтеді.