Бауыржан Байбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған алматылық түлекпен кездесті
Алматы әкімі Бауыржан Байбек ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған №123 мектеп - гимназияның түлегі Шиара Құдайбергеновамен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Алматының оқушылары 101,2 балла жинап, еліміз бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Өткен жылмен салыстырғанда биыл «Алтын белгі» иелерінің қатары 100 түлекке артты.
Шиара Құдайбергенова болашақ мамандығын анықтағанын, «Логистика» мамандығы бойынша қазақстандық универсиеттері бірінің экономика факультетіне түсуді жоспарлағанын айтты.
«Мемлекет басшысына үлкен рахмет, ол білім мен ел жастарына тұрақты назар аударып келеді. Өзімнің және ата- анамның атынан 11 жыл бойына білім нәрімен сусындатқан барлық мұғалімдерге алғыс айтамын», - деді ол.
Кездесу барысында қала басшысы оған Давостағы Бүкіләлемдік экономикалық форумның негізін қалаушы Клаус Швабтың «Төртінші өндірістік революция» атты кітапты сыйлады, ол Президенттің «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында басылып шыққан еді.
«Мемлекет басшысы «Рухани Жаңгыру» Бағдарламасында «егер құндылық жүйесінде білім баға жетпес байлық болса, онда ұлтты тек жетістік қана күтіп тұр» деген болатын. Бүгін Алматы еліміздің ірі білім, мәдениет және ғылыми орталығы екендігін тағы бір рет дәлелдеді. Алған білімдері мен жинаған жоғары балл арқасында түлектеріміздің басым көпшілігі еліміздің жоғары оқу орындарына грантқа түсе алады. Биылғы жылы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясында бұрын- соңды болмаған қосымша 20 мың стипендия бөлініп, 75 мың орынды жаңа студенттік жатақхана құрылысы басталды», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.
2018 жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге 6735 түлек қатысты, олардың 3999 қазақ тілінде, 2731 орыс тілінде, 5-і ағылшын тілінде сынақ тапсырды. Қатысушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 802 адамға өсті. 379 түлек шығармашылық емтиханды таңдады.
Қала бойынша орташа балл - 101,2 өткен жылғы көрсеткіштен 3,7 баллға жоғары. Түлектердің 55%-ы 100 және одан жоғары балл жинады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға көп. Алматылық 314 түлек 130-140 балл жинады.
Ең жоғары 140 баллды №123 мектеп- гимназия түлегі Шиара Құдайбергенова жинады.№162 мектеп- гимназия түлегі Даулет Хамзин мен №104 жалпы орта білім беретін мектеп түлегі Әйгерім Ибағалиева 139 баллға қол жеткізді. 14 түлек 137 және 138 баллдан жинады.
Айта кетерлігі, республикалық олимпиадада Алматы оқушылары 13 жыл қатарынан командалық бірінші орыннан көрінуде. Республикалық ғылыми сайыста 16 рет қатарынан, 11 сынып оқушылары арасында математика, физика, химия және биология пәндері бойынша өткен Президенттік олимпиадада бесінші рет жеңімпаз атанды. 2018 жылы жаратылыстану- математика пәндері бойынша жасөспірімдер арасында алғаш рет өткен республикалық конкурста да бірінші орынды жеңіп алды.
Биылғы жылы барлық мектептерде физика, химия, биология және лингафонды-мультимедиялық кабинеттер мен кешендер ашылған. Ммектептердің бәрі кең жолақты ғаламторға 100% қосылған. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін алдағы оқу жылында қаланың 80 мектебінде арнайы ІТ лицейлер мен ІТ сыныптар ашу жоспарланған. Қазіргі кезде қаланың барлық мектептерінің оқу кабинеттеріне мультимедилік үштік алынуда.