Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде жас келіншек 25 қабатты үйден секіріп кетті

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2018 22:55 Baq.kz
Мерт болған 33 жастағы келіншек.

Ақтөбеде әйел шаһардағы ең биік ғимараттан секіріп кетті. Оқиға бүгін күндізгі сағат 11.00 шамасында болған. Жедел жәрдем бригадасы жеткенше алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

«11 шағын аудандағы №112 үйдің жоғарғы қабаттынан бір қыздың секіргендігі туралы хабар түсті. Жедел жәрдем қызметіне 11.35-да шақырту түсті. Жедел жәрдем бригадасы 5 минут ішінде оқиға орнында болды. 1-санаттағы шақыртуға жатады. Дегенмен, әйел алған жарақатынан жедел жәрдем қызметі жеткенше көз жұмған», - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Ләззат Ерімбетова.

Денсаулық сақтау басқармасы мамандарының сөзінше, жас келіншектің қасында құжаттары болмағандықтан нақты жасын анықтай алмаған. Дегенмен, әлеуметтік желіде 25 қабатты ғимараттан құлаған ақтөбелікті бірі ҰБТ тапсырған түлек десе, енді бірі екі баланың анасы деген пікір білдіруде. Алайда, облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева марқұмның мектеп түлегі екенін жоққа шығарды. Оның сөзінше, мерт болған 33 жастағы келіншек.

«Жаңа естіп тұрмын. Бірақ құлағанын көрмедім. Жедел жәрдем қызметі тез келген. Бірақ құтқара алмады дейді ғой. Неге бұлай жасағанын кім білсін? Обал болды. Қазір жастар қит етсе, өмірлерін қиюға дайын тұрады ғой. Артық айтпайын. Иманды болсын», - дейді қала тұрғыны.

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті болған оқиға туралы ешқандай ақпарат бермеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: