Атырауда жас келіншек көпірден секіріп кетті

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2023 20:56 Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Қатты ағысқа қарамастан полиция қызметкерлері 7 минут ішінде оны судан алып шығып, өмірін сақтап қалды. 23 жастағы келіншек ТЖД-ның алғашқы медициналық көмек көрсететін қызметкерлеріне тапсырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 сәуірде сағат 15:48 шамасында ЖБО қызметкерлері жаяу жүргіншілер көпірінен секірмекші болған әйел адамды байқап, дереу Патрульдік полиция қызметкерлері мен Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөліміне бағыттама берген.


"Полиция қызметкерлері Максим Рахмиденов және Мұратбек Белекен суға секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған 2000 жылғы азаматты құтқарды. Оларға қайықпен Нұртай Жұмабаев пен Жеткіншек Иманғалиев көмекке келді. Зардап шегуші оқиға орнында ТЖД-ның алғашқы медициналық көмек көрсететін қызметкерлеріне тапсырылды", делінген полиция хабарламасында.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: