Қырғызстанда 11 адам сібір жарасымен ауруханаға түсті

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2018 20:37 Baq.kz
Қырғызстанның Базар-Коргон ауданында он бір адам сібір жарасы дертімен ауруханаға жатты.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бұл жағдай туралы 25 маусымда белгілі болған, деп хабарлайды Baq.kz.

Қырғызстанның Базар-Коргон ауданында он бір адам сібір жарасы дертімен ауруханаға жатты.

«25 маусымда Базар-Коргон ауданы Жаны-Акман ауылының тұрғыны сібір жарасына күдікпен ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта ол жақтағы аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде 11 адам осы дертпен сырқаттанып жатыр», - делінген хабарламада.

Дәрігердің айтуынша, ауруханаға жатқызылғандар ем-дом алып жатыр.

«Ауру шыққан жердегі малдардың сараптамасы алынды. Ол сараптама жұмысы үшін қолданылады», - дейді дәрігер.

Сібір жарасы – адамға да, малға да ауыр тиетін, ағазаның улануымен сипатталатын ауру түрі. Бұл дерт көбінесе адамның терісін, кейже ішкі ағзасын зақымдайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: