Адасып кеткен жасөспірімдер табылды
www.inform.kz
Алматы құтқарушылар қызметі тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.
Алматыда құтқарушылар қызметі «Кімасар» шатқалында адасып қалған қыз бен жігітті тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құтқару қызметінің мәліметінше, жасөсіпірмдер күндіз тауға серуендеуге шыққан.
Бутаковка аймағынан «Медеу» биік таулы спорт кешеніне дейін көтерілмек болған. Қас қарайған кезде олар қайтар жолды таба алмай қалған.
«1 шілде күні сағат 22.50-де құтқару қызметінің «109» нөміріне белгісіз әйел хабарласып , 17 жасар ұлының 16 жасар қызбен тауда адасып, қайтар жолды таба алмағанын хабарлаған болатын. «Кімасар» шатқалында құтқарушылар экипажы шығып, біраз уақыт өткен соң жоғалғандарды тапты. Олардың ешқайсысы медициналық көмекке жүгінбеген. Құртқарушалар оларды «Медеуге» ата-аналары күтіп тұрған жерге апарып тастады. Құтқару операциясы 2 шілде күні сағат түнгі 3-ке дейін жалғасты»,-делінген хабарламада.
Жедел іздестіру шараларына 5 адам мен бір техника жұмылдырылды. Алматы құтқарушылар қызметі тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript