Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандағы ең қауіпті автодаңғылдар анықталды

today.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2018 23:15 today.kz
Респонденттердің 55 пайызға жуығы Алматы – Қапшағай автодаңғылы Қазақстандағы ең қауіпті жолдардың бірі екенін айтқан.

Автокөлік жүргізушілері Қазақстандағы ең қауіпті жолдарды атады. Дүниежүзілік экономикалық форумның сайтына жарияланған жаһандық бәсекеге қабілетті елдердің рейтингіне сәйкес, 2017 жылы Қазақстан жол сапасы бойынша 115-орынға жайғасқан, деп хабарлайды Today.kz.

Автокөлік электроникасын өндіріп шығарушы Neoline компаниясы өз өнімін тұтынатын адамдар арасында аймақтағы жол сапасын тексеру мақсатында сауалнама жүргізді. Атап айтқанда, олар республика тұрғындарынан ең апатты жолдарды атап беруді сұраған. Анкетаға 1 200 көлік жүргізушісі қатысқан.

Респонденттердің 55 пайызға жуығы Алматы – Қапшағай автодаңғылы Қазақстандағы ең қауіпті жолдардың бірі екенін айтқан. Бұны полиция да растайды: күн сайын ол жерде ауыр жол апаттары болып, соңында ондаған көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер қаза тауып жатады.

Антирейтингтің екінші орынын 23 пайыз дауыспен Балқаш – Қарағанды даңғылы алған. Бұл жолдың нашар жағдайымен түсіндіріледі: тұтынушылар ол жерде ордың көп екенін айтқан.

Респонденттердің тоғыз пайызы Шымкент – Түркістан даңғылын да қауіптілер қатарына жатқызған. Басқа тұтынушылар Түркістан мен Атырау облыстары арқылы өтетін даңғылдарды қауіпті деп таныды.

Ал Қазақстандағы ең қауіпсіз даңғыл ретінде Көкшетау – Астана жолы аталды. Оған сұрақ қойылған қазақстандықтардың қырық пайызы дауыс берген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: