Петропавлда із-түссіз жоғалып кеткен 6 жасар баланың денесі табылды
www.inform.kz
Есіл өзенінің жағасында баланың өлі денесі табылған.
Петропавлда екі күн бойы іздестірілген 6 жасар Андрей Дорошенконың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департаменттен хабарлағандай, бала 2 шілде күні Т. Мұхамедрахмов көшесіндегі үйдің ауласынан жоғалып кеткен.
«Баланың қайда екенін анықтау үшін жедел-іздестіру тобы құрылды. Ол топтың құрамына полиция қызметкерлері, әскери жәен ТЖ қызметшілері енген еді. Сонымен қатар, іздеу жұмыстарына еріктілер де жұмылдырылды. Айта кетерлігі, ол бала бұдан бұрын да үйінен шығып кетіп жүрген», - делінген хабарламада.
Іздеу жұмыстарының нәтижесінде бүгін бала тұрған аумақтан алыс емес жерде - Есіл өзенінің жағасында баланың өлі денесі табылған.
Қазіргі уақытта баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жөнелтілді. Айта кетсек, бұған дейін Петропавлда 6 жасар бала хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript