Қытайға тұрмысқа шыққан қыздың әкесі: Мен баламның бақытты болуын қаладым
www.laovaev.net
Қыздың әкесі өзін сөккендерге ашық хат жазды.
Zakon.kz редакциясына Қытай азаматына тұрмысқа шыққан қыздың әкесі ашық хат жіберді.
Қыздың әкесі хатты өзі және қызы жайында жазып бастады.
Мен,Сүлеймен Асқар Бағытұлы өзімнің ағайын туысқандарыма, достарыма, жұмыстастарыма және барлық мен танитын ағайындарға қызымның қытай азаматына тұрмысқа шығуының себебін шынайы жеткізгім келеді. Әкесі ретінде қызымның қытай азаматына тұрмысқа шығуына байланысты әлеуметтік желілерде айтылып жатқан сындарға, атап айтқанда байыбына бармай, жамандап, қарғап - сілеп, не бір жаман сөздермен ата – анасын, ағайын тумасын және жастарды кіналәп, қорқытып-үркітіп жатқандарыңыз өте өкінішті. Сауатсыз, намыссыз, жағдайы жоқ, қыздарын қытай жігітіне сатып жатыр деген жалған ақпарат таратуларыңыз себепсіз, - деді ол
Асқар Бағытұлы қызының жоғары білімді, әрі шетелде тәлім алғаның алға тартты. Сонымен қатар, екі жастың қалай танысқаның жайып салды.
Қызым 2012-2016 жылдар аралығында Ресей елінде Мәскеу қаласында Халықтар достығы университетін (РУДН) қызыл жоғары біліммен бітіріп еліне Қазақстанға келді. Білімін жетілдіру үшін (магистратура)2016-2018 жылдары Алматы қаласындағы АlmaU(Алматы Менеджмент Университеті) магистр атағын алып шықты. Содан Англия , Малайзия елдерінде тағылымдамадан өткен болатын. Осы екі жыл ішінде қытай азаматымен бірге танысып, бірге оқып, бірге тағылымдамадан өтіп жақсы таныстыққа айналып арты шынайы сезімге ұласады, - дейді хат жазушы.
Сонымен қатар, Асқар Бағытұлы күйеу жігіттің ата – анасына, тұған үйіне келіп өз ойын, жүрек қалауын, сезімін жеткізгенің айтады.
Әрине қытай халқына деген білетініміз бар, білмейтініміз бар қазақ халқының көз қарасына байланысты қарсы болдық. Қарсылығымыз екі жылға созылды,бірақ сол уақыттың ішінде балаларымыздың бір біріне деген шынайы сезімдеріне көзіміз анық жетіп өз рұқсатымды бердім. Бұндай жағдайды басына түспей, жүрекпен сезбей басқа адам баласы дұрыс түсіне алмайды деп ойлаймын. Менің әке ретінде алдымда таңдау тұрды: екі жастың қол ұстасып құздан құлауына немесе өз абройымды ойлап қалуым. Мен екі жастың бақыты мен амандығын таңдадым. Қазақтың ата салт дәстүрімен құда тусіп, Алматы қаласында ұзату тойын жасадым, - деді Асқар Бағытұлы.
Ашынған әке, қазақ тарихында қазақ қызының қытай азамытына тұрмысқа шыққан жағдайларын тізіп берді. Өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан оның қызы бірінші емес екендігін айтты.
Қазақстанда 2010 -2016 жылдар аралығында 253 Қазақстан азаматшалары Қытай азаматтарымен тұрмыс құрса, 277 Қытай азаматшылары Қазақ азаматтарымен тұрмыс құрған. Қытай халқы жау болса 1,5 млн қазақ бауырларымыз қытай елiнде қалай тұрып жатыр? Мен таңқалатыным Қытай халқың жау қылып көрсетіп отырған, жалған ақпарат таратып журген адамдар соның ішінде елге танымал азаматтар (мен азаматшылар СІЗГЕ ДЕ БІЗГЕ ДЕ жақсылық тілеп журген адамдар емес. Бугінгі таңда Қазақстан елінде 130 дан аса ұлт өкілдерінің ауыз біршілігімен тыныштығын бұзу деп ойлаймын, - деп жазды ол.
Қызын енді ұзатқан әке, әлеуметтік желіліерде оның отбасына қоқан-лоққы көрсетіп, сөгіп жатқандарға қынжылды.
Маусым айның 15- нен бастап әлеуметтік желілерінде (Facebook, инстаграмм, whatsapp) танитын және танымайтын тұлғалардың маған, жанұяма,ағайын – тумама айтылып жатқан сындарға, байыбына бармай, жамандап, қарғап - сілеп, не бір жаман сөздермен кіналәп, қорқытып-үркітуіне жол берген, фото бейнежазбаларды таратқан жанашыр деген қонақтарымыздың бұл ісіне ешқандай түсіне алмай отырмын.Осындай ақпарат таратып жазып отырған адамдар сіздерде ұл қыз өсіріп отырсыздар, алдарыңызда не күтіп тұрғанына кім кепіл? Бетімізге куле қарап қуанышымызбен қайығымызға ортақтаса жүріп бұл не істегендеріңіз?, -деп ашынды Асқар Бағытұлы.
Бұдан бөлек біздің жағдайымызды түсініп танысада танымаса да тусіністікпен караған бауырларымызға бас иеміз.Қытайға қызынды бердің деп, неге өлтіріп тастамайсыз деп айтып, жазып жатқан адамдарға айтарым сабалараңызға түсіп, Алладан қорқыныз дегім келеді. Басымда болып жатқан жағыдайды бір Алланың өзі реттеп,бір Алла жар болсын, - деп жазды ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript