Астанада бір мезетте қырық жұп отау құрды

astana.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2018 23:05 astana.gov.kz
Бұл іс-шара дәстүрлі түрде міне қатарынан 11 жыл өтіп келеді.

Бүгін қаламызда Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орайластырып 40 жұп некесін қиды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бұл іс-шара дәстүрлі түрде міне қатарынан 11 жыл өтіп келеді, осы жылдар арасында 350 жұп некесін қиған. Ал бүгінгі некесін қиған жастар некелерін қала күніне орайластырып қиюға қуана келіскендерін айтады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2018 23:05

«Мұндай шараны біз некемізді қиюға өтініш бергенде білдік. Бізге қызық болды және бірден келістік. Екіншіден біздің қуанышымыз Астана қаласының 20 жылдығымен сәйкес келіп отыр», - деді отбасын құрған жастар Құрманәлі мен Айдана Болатбек.

Айта кетейік, осы жұп алғашқылардың бірі болып Ботаникалық баққа барды. Тура осы бақта олар бір-біріне адалдығын білдіріп некесін қиды және жолы болған жас жұбайларға бал айына саяхаттап келу сыйлығы берілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2018 23:05

«Бұл біздің жыл сайынғы дәстүріміз. Оларды көптеген тосын сыйлар күтеді, соның ішінде Түркияға саяхат та бар», - деді инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқарма басшысының орынбасары Рысгүл Қауғабаева.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2018 23:05

Сондай-ақ, дәстүр бойынша әрбір жұп көгершін ұшырды. Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында қаламызда 40 жұп отау құрды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: