Түркияда болған пойыз апаты бойынша тергеу амалдары жүргізілуде
Түркияда жолаушылар пойызы апаты бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қайғылы оқиға кеше кешкісін жергілікті уақыт 17:30 шамасында Текирдаг провинциясы Чорлу ауданында тіркелді. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Узункепрю-Ыстамбұл бағытында қатынайтын пойыздың 5 бірдей вагоны рельстен шығып кетіп, салдарынан 10 адам қаза тапты.
Тағы 73 жолаушы әртүрлі жарақатымен жергілікті ауруханаларға жеткізілді. Осы елдің көлік, теңіз және коммуникация министрлігі таратқан ақпарат бойынша, апатқа толассыз жауған жауынның салдарынан теміржол төсемдерінің босап кетуі себеп болған.
Түркия президенті қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтып, құзырлы органдарға апаттың шығу себебін жан-жақты тексеріп, зерделенуін тапсырды.
– Құдайға шүкір, апаттан аман қалдық, ондаған адам қаза тапты.– Біздің вагоннан бастап барлық вагондар аударылды. Қайғылы оқиғада жан тапсырғандар мен жарақат алғандар бар. Біз терезеден шығып үлгердік.