Ер адам өгей әкесін түскі асқа бола қатыгездікпен өлтірді
stan.kz
Бүгінде ол кісі өлтіргені үшін қамауға алынды.
Саратов облысының Аткарск қаласында мас болған ер адам 57 жастағы өгей әкесін тқгіліп қалған сорпа үшін өатігездікпен өлтірді. Аймақтық басқармасының мәліметінше қылмыс 5 шілдеде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
32 жастағы ер адам анасы қайтыс болғаннан кейін өгей әкесінің жанына көшіп келген. Қылмыс болған күні мас болған азамат өгей әкесімен бірге түскі ас ішіп отырған. Бір кезде ер адам сорпа құйылған тәрелкені қолынан түсірі алды. Ал мас болған жігіт сорпаны төгіп алып, еден мен жиһазды былғап қойған өгей әкесіне қатты ызаланып, оған тап берді. Ашуланған ер адам өгей әкесін бас салып, өлімші етіп соққыға жыққан. Төгілген сорпа үшін таяқ жеген ер адам жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.
Өгей әкесін ұрып өлтірген жігіттің бұған дейін ұрлық жасағаны және есірткі сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын айта кеткен жөн. Бүгінде ол кісі өлтіргені үшін қамауға алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript