"7-20-25" бағдарламасы бойынша қанша ипотека берілгені белгілі болды
sputniknews.kz
Ұлттық банктің ақпараты бойынша қазіргі уақытта 752 миллион теңгеге 63 кредит мақұлданды.
Ұлттық банк "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы бойынша алғашы берілген кредиттер жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
10 шілдедегі жағдай бойынша қазақстандықтар 48,3 миллиард теңгеге 4 651 өтініш берген.
"752 миллион теңгеге 63 кредит мақұлданды", — деп хабарлады Ұлттық банк.
Бұдан бөлек, жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша серіктес банктердің тізімі жарияланды. Олар — ЦентрКредит банкі, Қазақстанның Халық банкі, Еуразия банкі, АТФБанк, Bank RBK, Цеснабанк және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі.
10 шілдеде үкімет отырысында үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Ұлттық банк төрағасынан қазіргі уақытта қанша кредит берілгенін сұраған еді. Данияр Ақышев бағдарламаның бір апта бұрын ғана іске қосылғанын айтып, жуық арада толыққанды ақпарат беруге уәде берген болатын.
Айта кетейік, алғашқы жеті ипотека 4 шілдеде Алматы, Астана, Ақтау, Орал және Өскемен қалаларында берілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript