Жаңалықтар тізбегі
0

Теріден түйін түйген шебер

massaget.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2018 16:23 massaget.kz
Шебер жұмысы тапсырыс берушінің көңілінен шығатындай етіп жасауға барын салады.

Естеріңізде болса, жуырда «Өз бизнесіңді дамыт» стартап байқауы туралы айтып өткенбіз. Осы жобаның жеңімпаздарының бірі аяқ киім жасаудың шебері Ерлан Теміржанов есімді азамат 50 000 АҚШ долларын қанжығасына байлаған болатын.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2018 16:23

Шебердің жұмысымен жақынырақ танысу мақсатында шеберханасына қонақ болып бардық. Ол бізді ерекше ықыласпен қарсы алды. Тілдесе келе, жаңа тапсырысты дайындағалы жатқанын білдік. Және ол тапсырысты бізбен бөлісе отырып жасауын сұраған едік, қуана келісімін берді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2018 16:23

Сөз басында шеберіміз бүгінгі тапсырыс жаз мезгіліне арналғанын айтып өтті. Бірінші кезекте шебер тапсырыс берушінің аяқ өлшемін ескере отырып, сол өлшемге байланысты қалып таңдап алды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2018 16:23

Жұмысқа кіріспес бұрын қалыпта алдыңғы жұмыстардан қалған қалдықтарды мұқият тазалауға кірісті. Әңгіме арасында әр адамның аяғы әр түрлі болатындығы секілді қалып та сол тапсырыс берушінің аяғына ыңғайланып өңделетінін де ескертті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2018 16:23

Бұл өнерді ешкімнің көмегінсіз, ғаламтор арқылы үйренген Ерлан аға өз ісінің хас шебері екен. Оны өзінің ұқыпты әрі шапшаңдылығынан байқадық. Қалыпты мұқият тексермесе, кейін адам аяғына қолайсыздық туғызуы мүмкін екенін де баса айтты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2018 16:23

Қалыптар тазаланып дайын болғаннан кейін ғана негізгі жұмыстарға көшті. Шеберіміздің қолы да әбден машықтанып алған екен, ара-арасында түсінбеген нәрселерімді сұрап тұрдым. Менің қызығушылығымды байқаған Ерлан аға да тереңірек түсіндіруге көшті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2018 16:23

Шебер жұмысын жасап та, менің де сұрақтарыма жауап беріп те үлгерді. Қызу жұмыс одан әрі табанын жапсырумен жалғасты. Себебі бұл аяқ киімнің ең маңызды бөлшегі екен. Өз сөзінде аяқ киімнің тұтастығы осы табанына байланысты болатынын айтты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2018 16:23

Табанның артық қырлары желім жаққанда көтеріліп қалмасы үшін егеледі екен. Өз ісіне құрметпен қарайтын ағамыз бұл іске үлкен жауапкершілік пен шыдамдылық керектігін айтып өтті. Қателескен бір элементі үшін бар еңбегінің зая кетіп, тапсырыс жарамсыз болып қалған кездері де болыпты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2018 16:23

Еңбектің зая кеткені кім үшін болса да шығын әкелетіні айдан анық. Сол себепті шебер жұмысы тапсырыс берушінің көңілінен шығатындай етіп жасауға барын салады екен. Ерлан аға Ресей, Түркия, Қытай елдерінен Алматы дүкендеріне келіп түскен терілерді сатып алады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2018 16:23

Сіздер көріп отырған материал – бұл түрік елінен жеткізілген және де түрік елінде жоғары бағаланатын терілердің бірі. Мен болсам, Ерлан ағаның жұмысының бірін түсініп, бірін түсіне алмай сұрақ қоя бердім, ол кісі де бетімнен қақпай әр қимылына тоқтап түсіндірді.

Нағыз қазаққа тән мінезі бар қарапайым азамат екен. Желім жағуға да таяп қалды, желім тигенде жиырылып қалмас үшін теріні осылай бірер уақыт керіп қойды. Мына бейнені көргенде-ақ бір тамаша туынды көретініме сенімді болып тұрдым. Табанын өлшеп кесіп, желімдеп те қойды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2018 16:23

Желім кепкенше біраз уақыт күту керек. Өзінің дайын болған жұмыстарымен таныстыруды жөн көрген ағамыз бізге еңбектерін шетінен сипаттай бастады. Кеттік, бірге тамашалап қайтайық. Бұл – арнайы тапсырыстардың бірі. Алда жаз мезгілі келе жатқандықтан, жеңіл, жаздық аяқ киімдерге тапсырыс көптеп түсүде.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2018 16:23

Сырт пішіні өзгелерге ұқсағанымен, бұл сүйретпелердің басты ерекшелігі табиғи тазалығында. Өздеріңіз көріп тұрғандай, бұл аяқ киім таза теріден тігілген экологиялық жағынан кіршіксіз, жастарға арналған. Міне, осындай қолтаңбасы бар бұйымдарды кездестірсеңіз, Ерлан ағаның туындыларының бірі екеніне сеніммен қарап, өз бағаңызды бере жүріңіз.

Дереккөзі: Massaget.kz

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: