Асанов судьяларға: Сендерді біреудің бизнесін тартып алу үшін пайдаланады
Жоғарғы Сот Төрағасы судьялардың кеңейтілген отырысында шешімдер қабылдау кезінде судьялардың жіберген қателіктерінен бірнеше деректер келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы жылдың қаңтар айында Жақып Асанов қателіктер жіберілген нақты жағдайларға тоқталып, ол қателіктерге бой алдырған судьялардың атын атауға уәде берген болатын. Бүгінгі күннен бастап бұл тәжірибе тұрақты түрде іске асатын болады.
"Бұл істер Жоғарғы Сот тарапынан жойылды, сондықтан да менің судьялардың есімдерін айтуға құқығым бар. Тыңдап көріңіздер: Алматыда компания 600 миллионға мұнай сатады. Жеткізу мерзімі - 9 ай. Ал сатып алушы не істейді? 9 ай күтіп отырмайды, сотқа барып, екі талап қояды: 600 миллионды қайтарып беріп, шығынды өтесін деп. Жақсы, мұнай сатып аламын деген ойынан айнып қалды делік, бірақ бұл жерде шығынның қатысы қанша? Мәселе осында болып тұр. Шығынның көлемі 6 млрд құрайды деп өтірік есептеп беретін сарапшы табылады. Ал Алматының соты не істейді: келіседі, сатып алушы не сұраса да олар көнеді", - деп мысал келтірді Жоғарғы Сот төрағасы.
Ақмола облысынан тағы бір мысал келтірді: бір фирманың екінші фирмаға 10 миллион теңге қарызы бар. Активтері миллиардтаған теңгені құрап тұрса да, сот оны банкрот деп табады.
"Бұл істердің схемасының мәні - компанияны жасанды түрде банкротқа ұшыратып, оның активін тартып алу - құнды кен орны. Міне, мәселе осында. Бөтен біреудің бизнесін осылай арсыз жолмен тартып алу үшін судьяларды пайдаланады. Сондағы мақсаты - кен орны. Бұл схемада бірдей сценарийді көру үшін заңгер болудың қажеті жоқ. Дұрыстап ойлап қарасаңыз, бұның бассыздық екені көрініп тұр. Алматы сотының төрағасы Әбдіқанов пен Ақмола облысы сотының төрағасы Әміров, сіздер де осындай жағдайды бастан өткізбедік демеңіздер, қалайша байқамадыңыздар? Сіздерді басқа біреудің бизнесін тартып алу үшін пайдаланады", - деді Асанов.