Жаңалықтар тізбегі
0

Бурабай санаторийінің экс-басшысы пара алғаны үшін сотталды

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2018 15:50 sputniknews.kz
Сот жемқорлыққа қарсы шараның жоқтығына байланысты денсаулық сақтау министріне де жеке қаулы шығарды.

Ақмола облысы Бурабай демалыс орнында республикалық мемлекеттік санаторийдің экс-директоры пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Sputnik сот актісіне сілтеме жасап.

2017 жылы маусымда ер адам Бурабай ауданындағы "Бурабай" республикалық реабилитация орталығы" мемлекеттік кәсіпорнының директоры болып тағайындалған, 2018 жылы мамырда мемлекеттік сатып алу қорытындысына сәйкес "Бурабай" орталығындағы науқастарды тамақпен қамтамасыз ету бойынша "Б" ЖК-мен 105 миллион 304 мың 775 теңгеге келісім жасалған. Санаторий басшысы қолдау көрсеткені үшін тендер жеңімпазынан жалпы соманың 10 пайызын талап етіпті. Кәсіпкер әйел қиындықтарды сылтауратып, пара көлемін 5 пайызға дейін төмендеткен.

Орталық басшысы әйел адамнан ақша алу үшін Щучинскідегі дәмханаға шақырады. Ойын-сауық орнына бастық орынбасарымен бірге оның жеке көлігі Lexus LX470 мініп келген.

Кешкі ас ішіп болған соң, шенеунік орынбасарынан көліктің кілтін алып, пульт арқылы есігін ашады, кәсіпкер әйелге 5 миллион теңгені көліктің артқы орындығына қоюды сұрайды. Содан соң оны жемқорлыққа қарсы ведомство қызметкерлері парамен ұстаған.

Күдікті кінәсін мойындап, процестік келісім жасасыпты. Бурабай аудандық соты 38 жастағы бұрынғы директорды пара алғаны үшін айыпты деп таныды. Ол үш жарым жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызмет атқаруына өмір бойына тыйым салынды. Бұдан бөлек, сот бақылаудың әлсіздігі мен жемқорлықтың алдын алу шараларының жоқтығына байланысты денсаулық сақтау министріне де жеке қаулы шығарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: