Екі полицей бір миллион теңге пара алғаны үшін сотталды

Абай облысында Бесқарағай аудандық соты полиция бөлімі бастығының орынбасарымен осы бөлімнің аға жедел уәкіліне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олар жергілікті тұрғынның 1 млн теңге сомасында ақшалай қаражатын қылмыстық жауапкершілікке тартпау сылтауымен иемденгені үшін кінәлі деп танылды.
"Қалиясов пен Ташиевке 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды", - деп хабарлады Антикордың баспасөз қызметі.
Сонымен қатар Қалиясов "полиция подполковнигі", Ташиев "полиция майоры" арнайы атағынан айырылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript