Алматы облысында 700 миллион теңгені ұрлау схемасы шенеунікті түрмеге жабуға себеп болды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2025 11:46 Фото: Zakon.kz
Алматы облысында Іле аудандық соты аудандық білім бөлімінің басшысы Қаткеева мен сол бөлімнің жеті есепшісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 2025 жылғы 19 мамырда хабарлауынша, олар білім саласында нақты жұмыс істемеген тұлғалардың жалақысын аудару арқылы 686 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған.

"Сонымен қатар, ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, өзінің жүргізушісін ведомстволық бағынысты мектеп-гимназияға жалпы сомасы 4,9 млн теңге жалақы заңсыз төленген кәсіптік бағдар беруші лауазымына жалған жұмысқа орналастырған." Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Каткеева мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Бухгалтерлерге мемлекеттік қызметте 10 жыл қызмет атқаруға тыйым салынып, 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды." Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: