Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО-да малдың жаппай қырылу себептері анықталды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2018 22:24 ҚазАқпарат
Арнайы қызметкерлер әр 15-20 күн сайын диагностикалық зерттеулер жүргізеді.

Солтүстік Қазақстан облысының Архангель ауылында ірі қара малдарда бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты карантин жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ветеринария басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы Берік Әлжанов осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, ауылда эпизоотияға қарсы республикалық жасақ жұмыс жасап жатыр. Арнайы қызметкерлер әр 15-20 күн сайын диагностикалық зерттеулер жүргізеді. Ауру малдарды анықтағаннан соң оларды оқшаулап, санитарлық мақсатта союға тапсырады. Бюджеттен жалпы мал бағасының 30 пайызы ғана төленеді, қалғаны - ет өңдеуші кәсіпорынның мойнында.

«Жеке секторда бруцеллезге шалдыққан 26 бас мал белгілі болды. Барлығы санитарлық мақсаттағы соғымға өткізілді. Былтырдан бері жеке кәсіпкердің меншігінде болған. Алайда шектеу қойылды. Шамамен 10 рет қан алынды. Қазір ол барлық 60-қа жуық мал бас мал басын соғымға өткізіп жатыр. Тергеу жүргізілді, себебін әлі анықтау үстіндеміз. Шаруа қожалығы малды өзге қожалықтардан ветеринарлық қызметке ескертпей сатып алған», - деді Б. Әлжанов.

Сондай-ақ, ветеринарлық қызмет өкілдері елді мекендерден сүттің шығарылмауын қадағалап отыр. Шектеу қойылған уақыттан бастап сүтті тамаққа қосуға және шығаруға тыйым салынды. Тек жануарларға жем ретінде қайнатып бергеннен кейін ғана пайдалануға болады.

Қызылжар ауданының Якорь ауылында малдар жаппай қырылып жатыр. Оған себеп малдардың улануы деп болжануда. Өңірде 12 бас ұсақ қара мал және 6 бас ірі қара мал зардап шеккен.

Айыртау ауданына қарасты Елецкое ауылында құстардан шыққан Ньюкасл ауруына байланысты карантин жарияланды. 500 мал басы қырылған. Б. Әлжановтың айтуынша, қазіргі таңда малдың өлімі тоқтаған. Өңірде зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, 1,5 мың бас құсқа вируска қарсы екпе салынып үлгерді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: