Жаңалықтар тізбегі
0

Өлім аузынан қалды: СҚО-да трактор жүргізушісінің үстіне бетон құлаған

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2018 22:19 sputniknews.kz
Зардап шеккен жүргізуші ауруханаға жеткізілді, қазіргі уақытта оның жағдайын дәрігерлер қалыпты деп бағалап отыр.

Солтүстік Қазақстан облысында 60 жастағы трактор жүргізушісі бетон плиталарының астында қысылып қалды деп хабарлайды sputniknews.kz.

Төтенше жағдай Тайынша ауданының орталығы Тайынша қаласында болған. Бидай қоймасында шатырдың бетон тіреуіші құлап, онымен бірге екі темір-бетон плитасы трактордың үстіне опырылып түседі. Салдарынан жүргізуші кабинаның төбесі мен рөлдің арасында қысылып қалған.

"Мұндай жағдайда шапшаң қимылдау керек. Оқиға орнына келген құтқарушыларға санаулы минутта ер адамды алып шығу қажет болды. Өйткені трактордың кабинасында қансырап жатқан адамның өмірі осыған байланысты", — деді облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Құтқарушылар өте мұқият қимылдап, темірді кесіп, шошып қалған жүргізушіні алып шығады.

Зардап шеккен адамға жедел жәрдем дәрігерлері оқиға орнында көмек көрсетеді. Одан кейін тұрғын дереу Тайынша аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізіледі. Қазіргі уақытта көп жерінен жарақат алған ер адам дәрігерлердің бақылуында, оның жағдайы бірқалыпты.



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: