Әлібидің ісі: Кәсіпкер Қайрат Жамалиев бостандыққа шықты

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2018 14:53 Baq.kz
Бұл мәліметті ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі растады.

Жас жігітті ұрып-соққаны үшін сотталған атышулы бизнесмен Қайрат Жамалиев бір миллион теңге шамасында айыппұл төлеп, бостандыққа шықты, деп хабарлайды Baq.kz.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бүгінде Жамалиев елдің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тіркелмеген.

Көкшетау қаласының соты ҚР Қылмыстық кодексінің 73-бабы 3-тармағына сәйкес жазаның өтелмеген бөлігін айыппұлға ауыстырды.

Осы баптың 3-тармағына сәйкес, жазаның өтелмеген бөлiгiн ауыстыру кезiнде сот бас бостандығынан айырудың төрт күніне бір айлық есептік көрсеткіш есебiмен айыппұлды таңдауы мүмкiн. Айыппұлға ауыстырудың шарты – қылмыспен келтірілген залалды толық өтеу. Биыл бір АЕК 2 405 теңгені құрайды.

Сонымен, айыппұл сомасы шамамен 900 мың теңге болды. Онда бас бостандығынан айырудың төрт күніне бір АЕК-тен есептелінді.

Естріңізге сала кетейік, "Әлібидің ісі" қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. 2015 жылдың сәуір айында Әліби Жұмағұловтың әкесі әлеуметтік желілерде беті қан-жоса болған ұлының суреттерін жариялап, көмек сұраған болатын.

Атышулы істің басы фигуранты – Қайрат Жамалиев. Ол 2015 жылдың тамызында қатаң режимді колонияда жазасын өтеумен 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, барлық мүлкі тәркіленді. Оның сыбайластары – Арман Әбілтаев пен Анатолий Прибытков та сәйкесінше 12 және 8 жылға сотталды. Кейінірек аса ірі көлемде бопсалау әрекеті ірі көлемде болып ауыстырылып, сәйкесінше жаза мерзімдеріде қысқартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: