Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістандық 92 жастағы ақсақал 4 әйелдің арқасында 300 немере, 70 шөбере тәрбиелеп отыр

kyn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2018 16:55 kyn.kz
Шахадат әжей: "Төртінші рет шаңырақ көтеремін дегенде қызғандым".

Түркістан облысы Төлеби ауданында ел демографиясының өсуіне сүбелі үлес қосқан ақсақал тұрады. 92 жастағы Сайдығаны Саиджалалов төрт әйелінен 20 ұл-қыз сүйген деп жазады kyn.kz.

Мектепті бітірген ол Отан алдындағы борышын өтегісі келеді, тек денсаулығы бойынша әскерге бара алмады. Сол үшін әкесі жалғыз баласын ертерек үйлендіріп, немере сүйіп, ата болғысы келеді. Осылайша басқа амалы қалмаған 18 жастағы бозбала өзінің құрдасы Құрбанжанмен шаңырақ көтереді. .

Алайда Сайдығаны ақсақалдың әкесі әулетінің үлкен болуын қалады. Сөйтіп екінші рет үйленуге батасын берді. Араға уақыт салып, қария үшінші рет шаңырақ көтереді.

Өзінен 12 жас кіші Шахадат Рахимоваға үйленгенде қарияның жасы отызға таяп қалған екен. Араға уақыт салып төртінші әйел алу туралы шешім қабылдайды. Оны естіген Шахадат апа алғашында қызғандым дейді.

«Қара шаңырақта Садығанымен бірге мен тұрдым. Қалған әйелдері бөлек-бөлек үй болды. Оларға барып тұрды. Төртінші рет шаңырақ көтеремін дегенде қызғандым, бірақ қайын атам мән-жайды түсіндірді. Себебі осынша дүние мен үйге ие болып қалатын ұрпақтың қажет екенін айтты.

«Келінім, келіндерімнің ішінде сені артық көремін. Бірақ үйленемін десе, қарсы болма. Ол менің жалғыз ұлым, мен ұрпағымның көп болғанын қалаймын.

Балалардың барлығын өз перзентіңдей көр» деп кеңесін айтты. Қайын атамның осы кеңесі әлі күнге дейін есімде. Шүкір, барлық ұл-қыз отбасы болып, 300 немере сүйіп отырмыз. Олардың ешбірін бөле жармаймыз», — дейді 80 жастағы Шахадат әжей.

Төрт рет шаңырақ көтерген қарияның үш әйелі де өмірден озған. Ал олардың дүниеге әкелген перзенттері Шахадат апа мен Сайдығаны қарияның тәрбиесін алған.

Бүгінде Сайдығаны ақсақал 20 ұл-қыздан 300 немере, 70 шөбере және 6 шөпшек сүйіп отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: