Бастауыш сынып оқушыларына арналған сөмкелер қандай болуы тиіс
www.inform.kz
Белгілі болғандай, ішіндегі заттармен бірге мектеп сөмкесінің салмағы баланың жалпы салмағының ең көп деген 10 пайызын құрауы тиіс.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин оқушыларға арналған мектеп сөмкелерінің стандарты туралы айтып берді, хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мектеп сөмкесін немесе рюкзакты таңдау кезінде тиісті талаптарды сақтау қажет. Бірінші кезекте баланың омыртқасы мен иығына салмақ түсірмейтіндей сөмкенің берік құрылымы болуы тиіс. Сонымен қатар сөмкенің иықбаулары жалпақ әрі жұмсақ материалдан тігілуі керек. Сөмкенің өлшемі мен салмағы баланың бойы мен жасына сәйкес келгені жөн. Рюкзагтың бос күйіндегі салмағы 1 келіден аспауы қажет», - деп түсіндірді Ж. Бекшин.
Оның сөзіне қарағанда, 1-4 сынып оқушылары үшін әрбір кітаптың салмағы 300 грамнан, 5-6 сыныптарға - 400, 7-9 сыныптарға 500 грамнан және одан жоғары сыныптар үшін 600 грамнан аспауы керек.
«Біз оқулық салмағы мәселесін үнемі бақылауда ұстап келеміз. Өткен жылы 86 оқулыққа қатысты сараптама жүргіздік және оның екеуінің салмағы гигиеналық нормативтерге сәйкес келмеді. Сәйкесінше, аталған үлгілерге санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілмегені, сондай-ақ оларда санитарлық қорытындының жоқ екені анықталды. Осы орайда оқулықтар салмағын ретке келтіру бойынша нұсқама берілді», - деді ол.
Сондай-ақ Ж. Бекшин кітаптар салмағы шамадан тыс ауыр болса, онда сколиоз, остеохондроз және басқа да ілеспе аурулар белең алуы мүмкін екенін атап өтті.
Белгілі болғандай, ішіндегі заттармен бірге мектеп сөмкесінің салмағы баланың жалпы салмағының ең көп деген 10 пайызын құрауы тиіс.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript