Назарбаев орталығының жанында жөңдеуден кейін саябақ ашылды
Аумақта 500-ден аса ағаш, 300-ден аса қалпына келтірілген орындық пен жаңа балаларға арналған спорт алаңы пайда болды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Бұл сыйлықты Астананың 20 жылдығына орай ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры жасады. Бұдан басқа, саябақтағы негізгі арка, екі субұрқақ зонасы, саябақтың кіреберістері қалпына келтірілді.
Саябақта сібір шыршасы, таулы қарағай, казак аршасы, дала бадамы және күміс жалпақ безендіре түспек. Сонымен қатар аумаққа түрлі-түсті гүлдер отырғызылды. Қалпына келтірілген аула орындықтарының жанына жаңа қоқыс жәшіктері орнатылды. Себебі, саябақ әдемі ғана емес, сонымен қатар таза болуы керек.
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжановтың айтуынша, елорда күн сайын өзгеруде.
«Астана тұрғындары мен қонақтарына арналған жаңа демалыс орындары ашылуда. ҚР Тұңғыш Президенті Қоры елордамыздың көгалдандырылуына өз үлесін қосуда. Бүгін Қордың бастамасы бойынша Жәнібек пен Керей Хандар көшелері мен Әлихан Бөкейхан көшелерінің қиылысында орналасқан саябақ қалпынана келтірілді. Саябақтың қасында Назарбаев орталығы орналасқан. Бұл ғимаратта әрдайым жастарға арналған мәдени іс-шаралар өткізілуде», - деді Сұлтан Айтжанов.