Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында педагогикалық құрамды жинақтау процесі автоматтандырылды

Самат Мырзалиев, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2018 23:35 Самат Мырзалиев
"Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне кезекке қою және жолдама беру" процесін автоматтандыру жүйесі 358 мекемені қамтып отыр.

Түркістан облысында цифрландыру жүйесін дамыта түсу мақсатында білім беру саласы бойынша педагогикалық құрамды жинақтау процесі автоматтандырылған.

Облыс бойынша жұмыс іздеу және жұмыссыздық пайызын төмендетіп, қолжетімділікті және қолайлы жағдайды қамтамасыз ету үшін "jumys.sitcen.kz" жүйесі енгізілді. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Бастар Есқараев мәлім етті.

Оның айтуынша, бұрын педагогикалық лаузымға үміткерлер мен педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектері бос орындар туралы мәлімет алу үшін әр мектепті аралау қажет болатын болса, электронды жүйе арқылы өтінішті онлайн-режимде тапсырып, ашық конкурстық іріктеуден де өтуіне мүмкіндік береді

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2018 23:35

"Бүгінгі таңда жүйеде 2500-ге жуық пайдаланушыса болса, онда 500-ге тарта бос жұмыс орны орналастырылған. Қазір жоба арқылы 26 өтініш түсіп отыр. Бұдан өзге, облыс бойынша 456 639 бала санымен 901 жалпы білім беру мектептері бар. Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша мектептерге бірінші сыныпқа қабылдау процесінің автоматтандырылған mektep.sitcen.kz порталы іске қосылды", - деді Бастар Әуелханұлы.

Сондай-ақ, "Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне кезекке қою және жолдама беру" процесін автоматтандыру жүйесі 358 мекемені қамтып отыр. Басқа аудандар мен қалаларда жұмыстар жүргізілуде. Аталған жүйелер түрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жойып, азаматтар үшін барынша ашық түрде және қолайлы болуын қамтамасыз етеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2018 23:35, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2018 23:35

"Бүгінгі таңда орта білім беру салаларында мемлекеттік-жекеменшік ынтымақтастық аясында «Күнделік» электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» енгізілуде. Қазір 901 мектептің 87 пайызы жобаға тіркеліп, жұмыс жүргізуде", - деді Бастар Есқараев.

Ағымдағы жылы Түркістан облысында цифрлық білім беру ресурстарын енгізу аясында 1500 BilimBook ноутбуктарын және 200-ге жуық интерактивті панелдерін сатып алынып, нәтижесінде оқушыларды компьютерді қамту деңгейі едәуір артатын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: