Жаңалықтар тізбегі
0

Бердібек Сапарбаев жамбылдық педагогтар мен медицина қызметкерлерімен кездесті

Акимат Жамбылской области Акимат Жамбылской области
Вице-министр өз сөзінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерін бағалаудың жаңа жүйесі, дуальды білім беруді жетілдірудің жай-жапсары туралы да айтып өтті.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысына сапары аясында өңірдің педагог қауымымен жүздесіп, салаға қатысты бірқатар мәселелерді ортаға салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараз қаласындағы №30 мектеп-гимназиясында өткен кездесуге облыс әкімі Асқар Мырзахметов, Білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова қатысты. Басқосуда алғаш болып сөз алған Білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова саладағы өзекті мәселелерді ортаға салып, оларды шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.

- Қазір республикадағы барлық мектептері 10-сыныпқа дейін жаңартылған білім беру жүйесін көшті. Педагогтер бұл жүйе бойынша біліктілігін арттыру курстарынан да өтті.Өздеріңізге мәлім, білім саласындағы ең өзекті мәселе "Педагогтер мәртебесі туралы" Заңның қабылдануы болып отыр.Қазір бұл заң жобасы Қазақстан Республикасының Парламентінің қарауында жатыр. Сондай-ақ биыл педагогтердің біліктілік санатын анықтау тесті ұстаздар қауымының ұсынысына сай электронды форматта өте бастады, –деді Шолпан Қанатқызы.

Вице-министр өз сөзінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерін бағалаудың жаңа жүйесі, дуальды білім беруді жетілдірудің жай-жапсары туралы да айтып өтті.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев ұстаздарға отандық білім берудегі өзекті мәселелерді шешуге Үкімет тарапынан тиісті жұмыстардың қолға алынғанын айтып, бұл істе бірлесе әрекет етуге шақырды. Ал кездесуді қорытындылаған облысы әкімі Асқар Мырзахметов оқушылардың рухани таным-түсінігін дамытуды арнайы пәнді оқыту арқылы жолға қою ұсынысын жеткізді.

Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев кешкілік облыстық балалар ауруханасында ақ халатты абзал жандармен кездесті. Басқосу барысында еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баяндама жасап, міндетті медициналық сақтандыру бастамасына қатысты атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті. Сондай-ақ министр міндетті медициналық сақтандыру бағдарламасын бұқараға түсіндіруде Жамбыл облысы алдыңғы қатарда келе жатқанын жеткізіп, өңірдегі жұмысқа оң бағасын берді. Баяндама тыңдалғаннан кейін жиынға қатысушылар министрге міндетті медициналық сақтандыруға қатысты бірқатар сауалдарын қойды. Елжан Амантайұлы барлық сауалдарға тұщымды жауап беріп, аймақ дәрігеплерін бұл бағытта жұмыла жұмыс жасауға шақырды. Кездесуді қорытындылаған Бердібек Мәшбекұлы Жамбыл облысында атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толатындығын айтып, алайда әлеуметтік желілерде дәрігерлер тарапына бағытталған сындарға аймақтың ақ халатты абзал жандары дер кезінде жауап бермейтіндігіне қынжылыс білдірді. Сол себепті Премьер-Министрдің орынбасары дәрігерлерге сын мен мін тағылып жатса, бұл тұтас ел медицинасына айтылған дүние деп қабылдап, жұдырықша жұмылу қажеттігін тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: