Жаңалықтар тізбегі
0

Қылмыскерді оқиға орнында қалған иісі арқылы табуға болады

www.24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2018 23:42 www.24.kz
Облыстық ішкі істер департаментінің одорологиялық зертханасында 1 мың 745 иіс пен із сақтаулы.

Қылмыскерді оқиға орнында қалған иісі арқылы табуға болады. Мәселен, Ақмола облысының криминалистері жыл басынан бері осы әдіспен 26 қылмысты әшкерелеген. Бұл туралы zakon.kz Хабар 24 арнасы жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Ал бұл жұмыста күдіктілердің иісі сақталатын зертхана мен иттердің көмегі зор», – дейді мамандар.

Облыстық ішкі істер департаментінің одорологиялық зертханасында 1 мың 745 иіс пен із сақтаулы. Криминалистердің бірнеше көмекші иті бар. Оларға қылмысты зерттеу барысында күдіктілерден алынған иіс бағыттама ретінде беріледі. Мамандардың айтуынша, әр адамның өзгеге ұқсамайтын өзіндік иісі болады. Ал бұл қылмысты ашуға тікелей септігін тигізеді. Тек осы саланы мықтап дамыту қажет.

Жасұлан Әлжапаров, облыстық ІІД басқарма басшысы: - Біз осы зертхананың жүмысын жақсартып, осы саланы дамыту үшін Ішкі істер министрлігімен тығыз байланыс орнаттық. Олардан тәжірибе жинақтаймыз. Алматы академиясында семинарлар өтіп тұрады. Себебі, бұл сала Алматы қаласында жақсы дамыған. Ресейлік әріптестерімізден де үйренеріміз көп. Иісшіл иттердің де қатарын көбейтіп, олардың біліктілігін арттыруға күш салып жатырмыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: