СҚО-да полиция Ресей Федерациясына 25 қылмыскерді ұстауға көмектесті

Полиция, полицейский, полицейские, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2025 12:19 Фото: polisia.kz
Солтүстік Қазақстан облысы Ресей Федерациясының үш өңірімен шектеседі. Осыған байланысты облыстық полиция департаментінің Курган, Түмен және Омбы облыстарының ішкі істер басқармаларымен 2023-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспары аясындағы жұмыс өзектілігін көрсетуде.

Құқық қорғау органдары қылмысқа қарсы іс-қимыл, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бағытында ақпарат алмасып отырады.

Жарты жыл ішінде СҚО аумағында криминалдық полиция қызметкерлері РФ өңірлері үшін 25 қылмыстық құқық бұзушыны анықтап, ұстады.

Оның 8-і Омбы облысының, алтауы Курган облысының, біреуі Түмен облысының сұрауы бойынша іздестірілген.

Көбінесе бұл — мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткендер. Сонымен қатар ауыр салдарға соқтырған жол-көлік оқиғасының қатысушысы және есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар күдікті де бар.

Шекара маңындағы өзара іс-қимыл – "Заң және тәртіп" қағидатын жан-жақты іске асырудың маңызды бағытының бірі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: