Биыл СҚО-да полицейлер РФ-ның шекаралас облыстарында іздеуде жүрген 19 қылмыскерді ұстады
11 айдың ішінде солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер ТМД елдері үшін 38 қылмыскерді анықтап қолға түсірді, оның ішінде 10 қылмыскер – Омбы, ал Қорған мен Түмен облыстары үшін сәйкесінше 6 және 3 қылмыскерді ұстады.
Атап айтқанда, қорқытып алу қылмысын жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген 26 жастағы ресейлік Мамлют ауданында ұсталды. Ол Түмен қаласының тұрғынын қорқытып, Toyota автокөлігін және ақша талап етті деп күдіктелген.
Қазіргі уақытта ол қамауға алынды, кейін ресейлік әріптестерге беріледі.
Солтүстікқазақстандық криминалдық полиция мен Ресей Федерациясы өңірлерінің ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында жедел-анықтамалық, іздестіру мәліметтері және өзара маңызды өзге де ақпаратпен алмасу ұдайы негізде жүзеге асырылады.
"Шекаралас ынтымақтастық шеңберіндегі жұмыс 1993 жылғы Құқықтық көмек туралы Минск Конвенциясына және 2008 жылғы РФ ІІМ мен ҚР ІІМ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес жүргізілуде", – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.