Жаңалықтар тізбегі
0

Азаматтардың қару ұстап жүруі қауіпсіздіктің кепілі емес – ҚР ІІМ

elorda.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2018 16:41 elorda.info
Біздің елде қолдарында бір емес бірнеше қаруы бар шамамен 200 мыңға жуық аңшы бар - Жақыпов.

Ішкі істер министрлігі қазақстандық мәнелеп сырғанаушы Денис Теннің өлімінен кейін әлеуметтік желі қолданушыларының өзін-өзі қорғау үшін қару-жарақ ұстап жүруіне рұқсат беру туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов Астанада өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде азаматтардың өзін-өзі қорғауы үшін травматикалық қару алып жүруіне рұқсат беруге қатысты өз пікірін білдірді.

«Әлемдік тәжірибеге қатысты бір мысал. Күні кеше Америкада атып тастады. Швецияда да атып тастады. Менің ойымша, азаматтардың қару алып жүруі қауіпсіздіктің кепілі емес. Нақты санды мысалға келтіре аламын, біздің елде қолдарында бір емес бірнеше қаруы бар шамамен 200 мыңға жуық аңшы бар. Шынымды айтайын, мен барық пікірлерді оқыдым. Бірақ, халықтың қолында қарудың болғаны қауіпсіздің кепілі бола алмайтынын айта аламын. Біз бұған дейін оны басымыздан өткердік», - деді Жақыпов.

Айта кетейік, 2018 жылдың 19 шілдесінде 2014 жылғы Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Алматыда автоұрыларының қолынан қаза тапқан болатын.

20 шілде күні Алматыда Денис Тенді өлтірді деген күдікпен 1994 жылы туған екі азамат Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов ұсталып, қылмыстарын толық мойындаған болатын.

Соңғы күндері әлеуметтік желіде полицейлер мәнерлер сырғанаушының өліміне қатысты қолға бірінші түскен адамдарды ұстаді деген жазбалар пайда болды. Осыған орай, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов полицейлердің қолға бірінші түскендерді ұстап алғаны туралы ақпарат шыңдыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Сонымен бірге Астанада Денис Теннің өліміне күдікті Арман Құдайбергеновті 11 шілдеде көлік ұрлау кезінде қолға түскеніне қарамастан бостандыққа жіберген полицейлерге қатысты қызметтік тергеу басталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: