Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында пара алу дерегі бойынша 45 қылмыс әшкереленді

www.24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2018 23:49 www.24.kz
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға көп.

Алматы облысында лауазымды тұлғалардың пара алу дерегі көбейіп барады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының Алматы облыстық департаментінің мамандары алғашқы жартыжылдықта осындай 45 қылмысты әшкерелеген. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға көп.

«Өйткені мемлекеттік қызметкерлер мердігерлерден көбіне атқарылған жұмыс актісінің жалпы құнында көрсетілген ақшаның белгілі бір бөлігін талап етеді», – дейді департамент басшысы Данияр Тұрғанбаев.

Өткен алты айдың қорытындысы бойынша 89 заңбұзушылық анықталса, соның 80-і жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа қатысты.

Қылмыстың дер кезінде ашылуының арқасында қазынаға 97 млн теңге қайтарылған.

Ведомствода кәсіпкерлер құқының қорғалуына үлкен басымдық берілген. Алматы облысында кәсіпкерлік нысандарының жұмысына заңсыз араласу бойынша 6 дерек тіркеліп, 1 лауазымды қызметкер сотпен жауапкершілікке тартылды.

Данияр Тұрғанбаев, СЖҚІҚ бюросы Алматы облыстық департаментінің басшысы: - Жемқорлықтың алдын алу мақсатында 59 жиналыс өткіздік. Негізгі біздің парақорлықпен көбірек кездесеміз. Мысалы, биылғы жартыжылдықты айтсақ, 45 факті әшкерелеп отырмыз. Соның өзінде 40 адам, 40 мемлекеттік қызметкер парақорлықпен ұсталып отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: