Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында суға батып кеткен жүкті әйелдің күйеуі оқиғаның қалай болғаның айтты

livejournal.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2018 15:43 livejournal.com
32 жастағы Әсия Мұсаева канал маңында кілем жуып жатып, суға құлап кеткен еді.

Алматы облысында суға батып кеткен жүкті әйелдің денесі іздестіріліп жатыр. Бұл туралы zakon.kz, КТК телеарнасы жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

32 жастағы Әсия Мұсаева канал маңында кілем жуып жатып, суға құлап кеткен еді. Оны іздеуге шыққан бүкіл ауылдың тұрғындары биліктегілерден ағысы қатты каналды бір тәулікке тоқтатуды сұрап отыр.

-Қайғылы оқиға осы Үлкен Алматы каналында болған. Дәл осы жерде күйеуімен кілем жуып жатқан Әсия Мұсаеваның кенет аяғы тайып, суға құлап кетеді. Іле-шала суға секірген күйеуі жан-жарын құтқаруға тырысқан. Алайда, ағысы қатты судан 32 жастағы әйелді алып шығу мүмкін болмапты.

Каналды айналшықтап жүрген жігіт ағасы әйелін құтқара алмағанына қапалы. Суға құлаған жұбайына жармасқан ол бұлқынып жатқан каналмен 800 метрге дейін бірге аққан. Алайда,жүзе алмайтын жұбайы абдырап, айғайға басыпты. Сол сәтте жарымнан көз жазып қалдым дейді.

Рустам Низамединов күйеуі: -Әйелімді судан шығаруға екі рет шамам жетті. Шыға алмағаннан кейін қобалжуы басталып кетті. Маған қиын болды. Оны сабырға түсіре алмадым. 2 балам бар. Үшіншісіне қуанғанбыз. 9 жыл бойы көтере алмай жүрген еді.

Осы оқиғадан кейін әйелдің жақындары бүкіл ауылға дабыл қағып, іздеу жұмыстарына мыңдаған адам кіріскен еді. Әйтсе де, төрт күннен бері еш нәтиже жоқ. Бұл аумақты сүзіп жатқан сүңгуірлер мен туыстарына денені табуға тереңдігі 3 метр, ағысы қатты су бөгет болып тұр.

Аида Илахунова әйелдің туысы: -Су азайса біз табамыз. Сүңгуірлер судан шықпай іздейді. Олар кіре алмай тұр. Өздерін су алып кетіп жатыр. Сондықтан суды бір күнге тоқтатса жақсы болар еді.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындардың тілек-талаптарын орындауға қауқарсыз. Айтуларынша, каналды тоқтату егіс алқаптарын суарып отырған диқандарға кесірін тигізеді.

Азамат Жұртбаев Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі: -Бізден 8 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, төтенше жағдай қызметкерлері жергілікті әкімдік пен канал басшыларына суды тоқтатуға ұсыныс жіберді. Бірақ бұл мәселе әлі шешілген жоқ. Каналдың басшыларының айтуы бойынша, белсенді суғару жұмыстары сол канал арқылы жүріп жатыр.

Осылайша біруеге мал қайғы, біреуге жан қайғының кебі кеп тұр. Екі баласы бар әрі үшіншісіне аяғы ауыр әйелдің табылуына бүкіл ел-жұрт тілеулес. Cондықтан олар ештеңкеге қарамастан суға батқан жақындарын ары қарай іздей бермек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: