Фируза Шарипованың келесі жекпе-жегі өтпейтін болды
Baq.kz
Шарипова 4 тамыз күні Санкт-Петербург қаласындағы «М-1 Аренада» испан боксшысы Мириам Гутьерреспен жекпе-жек өткізуді жоспарлаған.
Екінші жартылай жеңіл салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шарипованың (8-1, 4 КО) алдағы жекпе-жегі өтпейтін болды, бұл туралы боксшының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.
Шарипова 4 тамыз күні Санкт-Петербург қаласындағы «М-1 Аренада» испан боксшысы Мириам Гутьерреспен жекпе-жек өткізуді жоспарлаған. Алайда бұл кездесудің өтпеу себебін қазақстандық спортшы 31 шілде күні Астанада өтетін баспасөз мәслихатында хабарлайды.
Еске сала кетсек, Шарипованың соңғы жекпе-жегі 30 желтоқсанда Алматы қаласында өтті. Ол кезде бельгиялық Джемилла Гонтарюкиі (13-5-1, 2 КО), жеңіп WBC Silver және IBO вакантты титулдарына ие болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript