Жаңалықтар тізбегі
0

Түркияға әпкесінің құжатымен ұшпақ болған алматылық ұсталды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2018 20:04 ҚазАқпарат
Қазір аталмыш оқиғаға қатысты тексеру шаралары жүргізілуде.

Алматы әуежайында әпкесінің құжатымен Түркияға ұшпақ болған қала тұрғыны анықталды, деп хабарайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін таңертеңгі «Алматы» шекаралық бақылау отрядының шекарашылары Алматы халықаралық әуежайынан «Алматы-Анталья» бағытымен ұшқалы тұрған VSV-471 әуе рейсінен қазақстандық азаматшаны ұстаған. «Тексеруге ұсынған төлқұжатта бұл азаматша 1986 жылы туылған «К.М» деп көрсетілген, алайда құжатта көрсетілген жасынан тым жас көрініп, сол арқылы шекарашылардың күдігіне ілінген азаматша, шын мәнінде 1991 жылы туылған «К.Л.» болып шықты. Сурет бір қарағанда өте ұқсас, себебі, төлқұжат бөтен болғанымен иесі бөтен емес, оның туған әпкесі екендігі анықталды», делінген хабарламада.

Қазір аталмыш оқиғаға қатысты тексеру шаралары жүргізілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: