Жаңалықтар тізбегі
0

Астана маңындағы патша қорғанында қазба жұмыстары басталды

madeniet-sport-astana.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2018 21:56 madeniet-sport-astana.kz
Бұл қорған қазіргі заманғы мегаполистің аумағында сақ дәуірінде де тіршіліктің болғанына дәлел бола алады.

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы қазақ халқының бай тарихи-мәдени мұрасын сақтауға бағытталған. Оны жүзеге асыру аясында Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен елорданың жанындағы патша қорғанында қазба жұмыстары қолға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Бұл қорған қазіргі заманғы мегаполистің аумағында сақ дәуірінде де тіршіліктің болғанына дәлел бола алады.

Қорымды зерттеу жұмыстарын үйлестіруші – Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы. Қазба жұмыстарын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Есіл археологиялық экспедициясы жүргізеді. Археологтар екі апта бойы тынымсыз еңбек етуде. Зерттеу жұмыстары барысында қорғанның жоғарғы қабатындағы бастапқы 7 қабір (яғни, ең ертедегі) ашылды. Жерлеу рәсімі бойынша зираттар 15-16 ғғ. жатқызылды. Айта кетейік, олар мұсылман дәстүрімен жасалған. Екі моладан әшекейлер табылды, оның ішінде қола сырға мен күміс жіп те бар. Ал қыздың қабірінен неке жүзігі табылды. Ол оны оң қолына киген екен.

Қорған Қарағандыға баратын жолда Күйгенжар шатқалында орналасқан. Қазіргі кезде сақтар қорғанының шетінде қазақ зираты бар.

Таспен жабылған қорғанның биіктігі 4 м, диаметрі – 60 м. Оның гранит плиталары Нұра өзенінің жағасынан алынғаны белгілі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: