БҚО-да аумақтық - қорғаныс бригадасының инфрақұрылымын дамытудағы жұмыстар басталды
Елімізде 2017 жылғы 13 маусымда аумақтық қорғаныс әскерлері құрылған болатын. 2018 жылғы сәуірде әкімдіктердің жанындағы аумақтық қорғаныс құрамалары Қазақстан Республикасы Қарулы күштері аумақтық әскерлерінің әскери бөлімдері болып қайта құрылды.
Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Олардың міндетіне халықты, стратегиялық маңызы бар нысандар мен коммуникацияларды түрлі қауіп-қатерден және табиғи төтенше жағдайлардан қорғау кіреді.
Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
БҚО облыс әкімі Нариман Төреғалиев Теректі ауданына қарасты Подстепное ауылында орналасқан 99250 әскери бөлімінің аумақтық инфрақұрылымдық кешені құрылысының символдық капсуласын салу рәсіміне қатысты.
Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Облыс әкімі барша әскери қызметшілерге ел игілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек ете берулеріне сәттілік тіледі!
Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі