Балаларын шақырмақ болған астаналық келіншек 12-қабаттан құлап кетті

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2018 20:51 sputniknews.kz
Оқиға орнында полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын жатыр.

Қошқарбаев көшесіндегі "Сенатор" тұрғын үй кешенінің ауласынан жас келіншектің мәйіті табылды. Куәгерлер ол балконнан құлап кеткен болуы мүмкін деп болжап отыр.

Sputnik-ке "Сенатор" тұрғын үй кешенінің тұрғындары хабарлағандай, жиырма алты жастағы Астана тұрғыны балаларына айқайламақ болғанда 12-қабаттағы балконнан құлап кеткен.

"Асфальтте жатқан мәйітке мас әйел екен деп ұзақ уақыт ешкім жақындамаған", — деді сұхбат беруші.

Көршілері марқұм сол жерде жан тапсырғанын, артында үш баласы қалғанын хабарлады.

Астана ішкі істер департаментінің қызметкерлері Sputnik-ке аталған оқиға бойынша полицейлер жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Қазіргі таңда трагедияның жай-жапсары анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: