Жаңалықтар тізбегі
0

Итінен ауру жұқтырған ер адам аяғы мен қолын кестіруге мәжбүр болды

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2018 18:19 stan.kz
Американың Вест-Бенд қаласының тұрғыны иттегі бактерияның кесірінен аяқ-қолынан айырылды.

48 жастағы Грег Мантейфель маусым айында емханаға түсті. Дәрігерлер бастапқыда оны тұмаумен ауырады деп ойлады. Кейін қан құрамынан Capnocytophaga бактериясын тапты. Ол ит сілекейінде болады. Ит қапқанда немесе қатты жақындасқанда адамның ағзасына түседі. Ер адамның қандай жағдайда бактерия жұқтырғаны белгісіз деп жазады stan.kz.

Мантейфель өмір бойы иттермен бірге болған.

Әйелінің айтуынша, оның денесі ұрып тастағандай түгелдей көгеріп кеткен.

Инфекция салдарынан ер адамның қан қысымы түсіп кетті. Қан айналымы дұрыс жүрмегендіктен тіндері өліп қалды.

Бір аптадан кейін аяғын кесуге тура келді. Сосын қолын білегіне дейін кесті. Дерт салдарынан ағзасының өзге мүшелеріне де зақым келді. Оның мұрнын қалпына келтіру үшін пластикалық ота жасату керек.

Capnocytophaga бактериялары иммуны нашар адамдар үшін қауіпті.

«Бұл дерт оның қанына түсіп, ағзасына кері әсер етті», – дейді жұқпалы аурулар жөніндегі маман Сильвия Мунос-Прайс.

Ит асырайтын адамдардың 99 пайызы мұндай дертке шалдықпайды. Бұл кездейсоқ жағдай болып отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: