Павлодарда өртенген пәтерден он адам құтқарылды
www.inform.kz
Торайғыров көшесіндегі 32-үйде тұтанған өрт туралы хабар Павлодар қаласының №1 өрт сөндіру бөлімшесіне 32 шілде күні 23:39-да келген.
Павлодарлық өрт сөндірушілер бір бөлмелі пәтерде тұтанған өртті сөндіріп, он адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің айтуынша, кезекші ауысым аға инженерінің міндетін атқарушы азаматтық қорғаныс сержанты Мирас Гросс өрт сөндірушілердің көмегімен он адамды баспалдақ арқылы аман алып шыққан.
Торайғыров көшесіндегі 32-үйде тұтанған өрт туралы хабар Павлодар қаласының №1 өрт сөндіру бөлімшесіне 32 шілде күні 23:39-да келген.
Тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы бір бөлмелі пәтерде өрт тұтанып, үй жиһаздары, бұйымдар, ағаш құрылымдар жанып, үйдің кіреберісі қою қара түтінге оранған.
«Шұғыл қимылдаған өрт сөндірушілер он минуттың ішінде өртті ауыздықтады. Тұрғындардың ешбіріне медициналық көмек қажет болған жоқ», - деп мәлімдеді ТЖД өкілдері.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript