Талғарда туберкулезбен ауырған балалар дәрігердің кесірінен шипажайға бара алмаған
Хабар 24
Жергілікті шенеуніктер өз балаларын арнайы шипажайда демалтып келген.
Алматы облысы Талғар ауданындағы туберкулезбен ауырған 200 бала тиісті сауықтыру шараларын ала алмай жүр.
Оған себеп жергілікті шенеуніктер өз балаларын арнайы шипажайда демалтып келген. Прокуратура өкілдерінің хабарлауынша, өткен оқу жылында 114 сау бала осындай «сауықтырудан» өткен. Арнайы тексеріс барысында тағы 80-ге жуық баланың орталыққа заңсыз орналастырылғаны белгілі болды. Прокурорлар Талғар аудандық аурухананың фтизиатр дәрігері жалған анықтама беріп келгенін, ал шипажай директоры сап-сау балаларды сауықтырып отырғанын анықтады. Қазір аталған дәрігер жұмыстан босатылды. Директордың ісі бойынша «Қызметін асыра пайдалану» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript